Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ЕҰУ-да V халықаралық эндаумент форумы өтті

ЕҰУ-да V халықаралық эндаумент форумы өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде V халықаралық эндаумент форумы өтті. Бұл маңызды шараға Қазақстан, АҚШ, Ресей, Қытай, Түркия және Польша елдерінің эндаумент қорлары, университеттер, инвестициялық компаниялар мен бизнес қауымдастықтарының өкілдері жиналды.

Форумның негізгі мақсаты – мақсатты қорларды дамыту стратегиясын, олардың танымалдылығын арттыру және қолдауды талқылау, сондай-ақ эндаумент қорларының қазіргі әлемдегі маңызы мен рөлін анықтау болды.

Әлемдік сарапшылар білім беру жүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін эндаумент қорларының тиімді қызметін нығайту мен ілгерілету тәжірибелерімен бөлісті.

ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов форум қатысушыларын Қазақстанда Мақсатты капитал қорлары мен эндаумент қорлары туралы заңның қабылдануымен құттықтап,

«Университеттер мемлекеттік бюджетке тәуелді болмауы тиіс. Бәсекеге қабілетті болу үшін бірнеше қаржыландыру көздерін дамыту маңызды. Осы жерде эндаумент қорларының рөлі ерекше» – деді.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Қазақстанда қазіргі уақытта 22 эндаумент қоры бар екенін, олардың 15-і білім беру саласында жұмыс істейтінін, капиталдық қоры орташа есеппен бір миллиард теңгеден төмен екенін айтты. Сондай-ақ, 2029 жылға қарай эндаумент қорларының жалпы капитализациясын 50 миллиард теңгеге дейін жеткізу жоспарланғаны туралы хабарлады.


Фото: ЕҰУ