Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жас қақпашы Шерхан Қалмұрзаға ректорлық білім беру гранты берілді

Жас қақпашы Шерхан Қалмұрзаға ректорлық білім беру гранты берілді

Ғылым министрі Саясат Нұрбек «Қайрат» футбол клубының 18 жастағы голкипері Шерхан Қалмұрзамен кездесті.

«Жас қақпашының көрсеткен тарихи нәтижесі – бүкіл қазақстандық жастар үшін жарқын үлгі. Оны осы жетістігімен құттықтаймын және алдағы ойындарда сәттілік тілеймін!», – деді Саясат Нұрбек.

Қазақ спорт және туризм академиясында ақылы бөлімде оқып жүрген Шерхан Қалмұрзаға ректордың білім беру гранты табысталды.

Сондай-ақ, Темірлан Анарбеков те білім гранты иегері атанды

"Біз Темірлан Анарбековті 2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақ спорт және туризм академиясының студенті болуға шақырдық. Сондай-ақ, Дастан Сатпаевтың да біздің жоғары оқу орындарының біріне түсетініне үміттіміз. Оның жасы бар болғаны 17-де!"
- деп жазды министр.


Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі