Ұлттық музей жанынан Реставрация орталығы құрылады

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Италия Мәдениет министрлігінің Реставрация жөніндегі орталық институтының директоры Луиджи Оливамен кездесті.
Тараптар Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Италия Республикасының Реставрация жөніндегі орталық институты арасында Меморандумға қол қойды.
Құжатқа сәйкес, ҚР Ұлттық музей жанынан Реставрация орталығы құрылады. Жаңа мекеме тәжірибе алмасу, бірлескен семинар өткізу және білікті мамандар даярлау орталығы болмақ.
Фото: МАМ