Елімізде 20 қазаннан бастап көлік әкелудің жаңа тәртібі күшіне енеді

Енді жеке тұлғаларға пайдаланылған автобустар мен арнайы техниканы елге импорттауға тыйым салынады. Бұл шектеу жеңіл көліктерге қатысты емес.
Көлік әкелу құқығы тек заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге беріледі. Олардың көлік қауіпсіздігі сертификаты болуы тиіс.
Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық комиссияның тізіміне енбеген техниканы тіркеу мүмкін болмайды. Мемлекеттік органдардың мәліметінше, бұл шаралар көлік қауіпсіздігін арттыруға және импорт саласындағы ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Фото: gov.kz