Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана алу лимиті көтерілді

«7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана алу лимиті көтерілді

Қазақстан Ұлттық банкі «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы аясында сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары бағасын көтерді.

Енді Астана, Алматы және олардың маңайындағы аймақтарда, сондай-ақ Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында баспана құнының шекті мөлшері 25 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін артты. Қарағандыда лимит 20 млн-нан 25 млн теңгеге, басқа өңірлерде 15 млн-нан 20 млн теңгеге көтерілді.

Сонымен қатар, енді қарыз алушылар төлем қабілеттілігін растау үшін бірге қарыз алушылармен қатар кепілгерлерді да тарта алады.

Банк өкілдерінің айтуынша, қарыз өтінімдерін қарастырғанда басты шарт — қарыз алушының тұрақты табысы. Бағдарламаның өзге шарттары мен талаптары өзгеріссіз қалады.


Фото: gov.kz