Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

2026 жылдан бастап жүргізуші куәлігі чипсіз беріледі

2026 жылдан бастап жүргізуші куәлігі чипсіз беріледі

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңесбаевтың мәліметінше, жүргізуші куәліктерінен чип алынып тасталады. Дегенмен құжаттың бағасы өзгермейді, себебі мемлекеттік баж салығының мөлшері Салық кодексінде бекітілген.

«Жүргізуші куәлігін беру үшін мемлекеттік баж Салық кодексінде белгіленген. Ол бұрынғысынша қалады, өйткені төлем құжатты беру процесі үшін алынады», - деді Әлібек Кеңесбаев.

Оның айтуынша, чиптің қажеттілігі жойылған, себебі жол полициясы қызметкерлері барлық деректерді мемлекеттік базалардан онлайн режимінде ала алады. Сондықтан жүргізушілерге куәлікті өзімен бірге алып жүру міндетті болмайды.

Бұрын берілген жүргізуші куәліктері өз мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болып қала береді. Ал чипсіз жаңа куәліктер 2026 жылдың бірінші жартысынан бастап беріледі. Құжаттың дизайны өзгеріссіз қалады. Сонымен қатар жүргізуші куәлігінде адам өлімінен кейінгі донорлық туралы ақпарат орналастырылмайды.


Фото: egemen.kz