Қазақстан экономикасының өсімі 6,3%-ды құрады

9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда экономиканың өсімі 6,3%-ды. Соның ішінде, нақты сектордағы өсім 8,1%-ды құрады, қызметтер өндірісі 5,3%-ға өскен. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Үкімет отырысында мәлімдеді.
Салалар арасында көлік қызметтері (өсім 21,2%-ға), құрылыс (14,9%-ға) және тау-кен өнеркәсібі (9,3%-ға) ең жоғары өсім көрсетті.
«Сауда 8,8%-ға, өңдеу өнеркәсібі 6,2%-ға, ауыл шаруашылығы 4,4%-ға өсті. ЖІӨ өсімінің 70%-дан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етті», - деді Азамат Амрин.
Министр сондай-ақ негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,5%-ға өсіп, 13,8 трлн теңгені құрағанын айтты.
Фото: ortcom.kz