Футбол: Қазақстан құрамасының FIFA рейтингісіндегі орны жоғарылады

Футболдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде үш сатыға жоғарылады. Бұл шешім ұлттық құраманың 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі ойындарынан кейін қабылданды.
Қазан айында Қазақстан құрамасы 115-орынға орнықты. Олар қыркүйек айында 118-орында тұрған еді.
Ұлттық құрама қазан айында Лихтенштейнді (4:0) жеңіп, Солтүстік Македониямен (1:1) тең түсті.
Отандастарымыз оған дейін Бельгия (0:6), Солтүстік Македония (0:1) және екі мәрте Уэльс (1:3, 0:1) құрамасынан жеңіліп, Лихтенштейннен екі мәрте (2:0) басым түсті.
Сондай-ақ Солтүстік Македониямен 1:1 есебімен тең түсті.
Фото: 1bol.kz