Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады.Президентке компанияның биылғы тоғыз айда атқарған қызметінің нәтижелері таныстырылды.

Мейіржан Юсупов баяндамасынан:

  • әлемдік уран нарығындағы қазіргі жағдай, атом энергетикасын дамыту үрдістері мен бағыттары, сондай-ақ компанияның жаһандық атом индустриясындағы Қазақстанның позициясын одан әрі нығайту жоспарлары туралы мәлімет берді.
  • жасанды интеллект технологиясының қарқынды дамуына және дата-орталықтардың энергия тұтыну көлемі артуына байланысты уранға сұраныс тұрақты түрде өсуі мүмкін екенін айтты.

Бұған қоса, жаңа атом реакторларын жеделдетіп салу әсерінен әлемдік нарықта 2030 жылдан кейін уран тапшылығы сезілуі ықтимал.


Фото: Ақорда