Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Қалбатау – Майқапшағай» автожолы ашылды

«Қалбатау – Майқапшағай» автожолы ашылды

«Қалбатау – Майқапшағай» автожолының негізгі жұмыстары аяқталып, толық қозғалыс ашылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар «Қалбатау – Майқапшағай» (906-1321 шақырым) автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша негізгі құрылыс жұмыстарын аяқтап, ұзындығы 415 шақырым учаскеде көлік қозғалысын толық ашты.

Жоба Қытай Экспорт-импорт банкінің және Республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру арқылы жүзеге асырылды. Қайта жаңарту жұмыстары Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағындағы 10 учаске мен 2 жол пайдалану бөлімшесін қамтыды. Негізгі құрылыс және асфальтбетон төсеу жұмыстары толығымен аяқталды, ал жол бойындағы инфрақұрылымды абаттандыру шаралары биыл қараша айының соңына дейін толық аяқталмақ.


Фото: ҚазАвтоЖол