Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Франкфурт кітап көрмесінде қазақстандық кітаптар таныстырылды

Франкфурт кітап көрмесінде қазақстандық кітаптар таныстырылды

Германияның Франкфурт қаласында әлемдегі ең ірі кітап көрмелерінің бірі - 77-ші «Frankfurter Buchmesse 2025» халықаралық кітап жәрмеңкесі ашылды.   

Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспа өкілдері мен әдебиет саласының делегациясы қатысуда. Олардың құрамында «Мектеп», «Алматыкітап», «Атамұра», «ARMAN-PV», «Steppe & World Publishing», «Эверо», «Kazformoms», «AmalBooks» сияқты баспалар бар.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен арнайы стенд ұйымдастырылып, 350-ге жуық отандық кітап пен жаңа басылымдар қойылды.

Экспозиция қазіргі қазақ әдебиеті мен баспа ісінің заманауи бағыттарын, жаңа авторлардың шығармаларын көрсетеді. Қазақстанның беделді халықаралық көрмеге қатысуының өзі халықаралық ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы көрменің алғашқы күні Ұлттық стендке арнайы келіп, қазақстандық делегацияға қолдау білдірді.

Канада, Қытай, Түркия, Әзербайжан, Дания, Германия және Ұлыбритания сияқты елдердің баспагерлері Қазақстан стендімен танысып, ынтымақтастық бойынша келіссөздер жүргізді.

Көрме аясында ҚР Ұлттық стендінде жеті тілге аударылған «Абайдың қара сөздері. Ұрпаққа Ұлағат» кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шара ұйымдастырушыларының айтуынша, кітап жәрмеңкесі аясында оқырманға қазақ халқының тағдыры мен рухани құндылықтарын бейнелейтін Міржақып Дулатовтың мәңгілік шығармасы - «Бақытсыз Жамал» ұсынылады.

 

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі