Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушыларды зауыттың ашылуымен құттықтап, бұл еліміздегі машина жасау саласын дамыту бағытындағы өте маңызды қадам екеніне назар аударды.
Кәсіпорын Қостанай қаласының индустриялық аймағындағы 62,95 гектар аумақта орналасқан. Зауыт жылына 70 мың көлік өндіре алады. Инвестиция көлемі – 131,5 миллиард теңге.
Кәсіпорында 1500 жұмыс орны ашылған. Ал оның өнімі Қазақстанға, Орталық Азия және ЕАЭО елдерінің нарықтарына шығарылады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы KIA Corporation президенті Хо-сунг Сонгты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Фото: Қазақстан