Қаңтар айынан бастап салық төлеу ережелері өзгереді
Ескі көліктерге салық азаяды. 1 қаңтардан бастап мүлік, жер және көлік салығын төлеу ережелері өзгереді. 10 жыл жүрген темір тұлпарға 30%, 20 жылдан асқанына 50% жеңілдік жасалады.
Қозғалтқыш көлемі үлкен автомобильдерге салынатын қосымша салық та алынып тасталады. Қазір 3 литрден үлкен қозғалтқышы бар көліктерге салық көбірек, енді бәріне бірдей болады. Бұдан бөлек, көлік салығы жүргізуші куәлігіндегі категорияға қарай есептелмек.
Фото: baq,kz