Қарағанды облысында 400 ауыл тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Алдағы уақытта қарағандылықтар 100% ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Қарағанды облысында қайтарылған активтерден түскен қаражат сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталды. Бұл мақсатқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
Өңірде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында тоғыз жоба жүзеге асырылып жатыр. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ірі су құбырлары мен елді мекендер ішіндегі су құбыры желілерінің құрылысы басты назарда тұр. Солардың бірі — биыл мамыр айында құбыр тарту жұмыстары басталған Осакаров ауданындағы Колхозное ауылы. Құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталуға тиіс. Желілер пайдалануға берілгеннен кейін 400 ауыл тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Фото: Үкімет