Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елорда тарихының жылнамасына айналған қос басылымға 35 жыл толды

Елорда тарихының жылнамасына айналған қос басылымға 35 жыл толды

Бейбітшілік және келісім сарайында «Elorda aqparat» медиахолдингінің құрамындағы «Astana Aqshamy» және «Вечерняя Астана» газеттерінің 35 жылдық мерейтойына арналған «Елорда шежіресі» атты салтанатты концерт өтті. 

Концертті газеттерде әр жылдары басшылық еткен редакторлар, қаламгерлер, басылымның тұрақты авторлары, зиялы қауым өкілдері, оқырман қауым мен қала тұрғындары тамашалады.

Айта кетсек, 1990 жылы 13 қазан күні тұңғыш саны жарыққа шыққан аймақтағы алғашқы қазақ тілді басылымдардың бірі «Ақмола ақиқаты» 1998 жылы «Ақмола ақшамы», кейіннен республикалық қоғамдық саяси мәртебесі бар «Астана ақшамы» атанды.


Фото: elordainfo.kz