Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жүргізуші куәлігін алу енді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі

Жүргізуші куәлігін алу енді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алғаш рет алу қызметі енді «ЦОН» мобильді қосымшасында қолжетімді екенін хабарлады.

Енді азаматтар ХҚКО-ға бармай-ақ, өтінішті онлайн жолдай алады.

Жүйе медициналық анықтама мен автомектепті аяқтау туралы мәліметтерді автоматты түрде тексереді.

Өтініш берген соң үміткер өзіне ыңғайлы уақытта теориялық және практикалық емтихандарға жазыла алады. Мемлекеттік баж төлемі емтихандар сәтті өткеннен кейін ғана төленеді.


Фото: gov.kz