Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматы облысында республикалық жұмысшы жастар слеті өтті

Алматы облысында республикалық жұмысшы жастар слеті өтті

Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Алматы облысының Қонаев қаласында «ENBEK FEST» республикалық жастар слеті өтті.

Іс-шараға еліміздің 8 өңірінен жұмысшы мамандық иелері мен өңір кәсіпорындарының басшылары қатысты. Слет аясында «JasTalks» атты панельдік сессия өтіп, онда шақырылған спикерлер өз тәжірибелерін бөлісті. Қатысушылар үшін өндірістік және өнеркәсіптік нысандарға танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек, слет бағдарламасында командамен жұмыс істеуге, көшбасшылық қабілеттерді дамытуға арналған тренингтер, интеллектуалды ойындар және мәдени-танымдық іс-шаралар қамтылды.


Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі