Мемлекет басшысы: Қазір біздің ұлттық брендтеріміз көбейіп келеді
Президент жиында азаматтарды экономикалық патриотизм рухында тәрбиелеу – аса маңызды міндет екенін айтты. Кәсіпкерлеріміздің идеялары мен стартаптарына инвестиция құйып, олардың өнімін тұтыну арқылы отандық өндірушілерді қолдаудың маңызды екенін жеткізді.
«Қазір біздің ұлттық нышандарымыз, яғни брендтеріміз көбейіп келеді. Ұлттық өнім дегеніміз, бұл – ең алдымен, елімізді бүкіл әлемге паш ету деген сөз. Сондықтан «Made in Qazaqstan» таңбасы сапа мен сенім белгісі болуға тиіс. Біздің тауарларымызға шетел азаматтарының қызығушылығы артып жатыр. Бұл отандық бизнестің өсіп-өркендеп келе жатқанын көрсетеді. Компанияларымыз жаһандық нарыққа шығып, кәсібін өрістетіп жатыр. Олар Қазақстанды қарқынды дамып келе жатқан озық ел ретінде танытуда», - деді Мемлекет басшысы жиында.
Фото: Ақорда