Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Елім дегендер» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды

«Елім дегендер» республикалық шығармашылық байқауының  жеңімпаздары анықталды

Астанада Республика күні қарсаңына ұйымдастырылған өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған «Елім дегендер» республикалық шығармашылық байқауының финалдық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, жастар арасында ынтымақ пен достықты дәріптеу және қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыру.

Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен келген 14-35 жас аралығындағы талантты жастар қатысып, өз өнерлерін қазақ тілінде көрсетті. Қатысушылар халық әндерін орындап, көркемсөз оқып, эссе жазу номинациялары бойынша бақ сынасты.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталған еді.

Жалпы жүлде қоры – 3 000 000 теңге.


Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі