Жыл басынан бері 11 мыңнан астам қазақ отанына оралды
2025 жылы 11 012 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 159,1 мың этникалық қазақ келді.
Жыл басынан бері елімізге келген қандастардың пайыздық үлесі:
Өзбекстан – 45,7%;
Қытай – 42,1%;
Түрікменстан – 4,5%;
Ресей – 2,6%;
Монғолия – 2,6%;
Басқа елдер – 2,5%.
Көшіп келген этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстандырылды. Сондай-ақ қандастарды қоныстандыру барысында еңбек күші тапшы өңірлер анықталды. Олар – Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Фото: inbusiness.kz