Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысты.
Сапар барысында Президентке әуежай қызметі, ішкі және халықаралық әуе рейстеріне қызмет көрсету үдерісі жөнінде баяндалды. Әуежайдың өткізу қабілеті жылына 300 мыңнан 500 мың жолаушыға дейін ұлғайған.
«Қорқыт ата» әуежайынан Air Astana, FlyArystan және Qazaq Air әуе компаниялары аптасына 29 рейс орындайды.
Жаңа терминал былтыр қараша айында ашылған. Жобаға 16,6 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция салынды.
Фото: Ақорда