Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Shalqar» радиосына «KAZZINC» компаниясы 20 компьютер сыйға тартты

«Shalqar» радиосына «KAZZINC» компаниясы 20 компьютер сыйға тартты

«Shalqar» радиосына «KAZZINC» компаниясы техникалық мүмкіндіктері мол, заманауи 20 компьютер сыйға тартты. Жаңа компьютерлерді «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры Нұртас Солтанұлы арна қызметкерлеріне табыстады.

Шараға радио ардагерлері, серіктестік қызметкерлері, ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жаңа құрылғыларға журналистер шын қуанып, алғысын білдірсе, радио ардагері, дауылпаз диктор Аманжан Еңсебайұлы ризашылығын айтып, батасын берді.

Демеушілік жасаған «KAZZINC» ЖШС  және осы компанияның Әкімшілік мәселелер бойынша атқарушы директоры Андрей Павлович Лазаревке ерекше алғыс білдіреміз.