Қазақстанда ақылы жолдардан бюджетке 62 млрд теңге түскен
 
                                                            Елімізде жалпы ұзындығы 4883 шақырым болатын 22 ақылы жол учаскесі бар. 9 айдың ішінде ақылы жолдардан бюджетке 62 млрд теңге түсті. Бұл туралы  «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты. 
Сөзінше, қаражаттың барлығы осы жолдарды күтіп-ұстауға және жаңа техника алуға бағытталады. Республикалық автожолдар желісінде 1500-ға жуық жол бойындағы қызмет көрсету нысандары бар. Олардың 93%-ы Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендірілген.
Фото: ҚазАвтоЖол