Көлік пен мүлік салығына қатысты өзгеріс енгізілді
Келер жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне сәйкес, көлік пен мүлік салығына бірқатар жеңілдік қарастырылған.
Ең алдымен қозғалтқыш көлемі 4 литрден асатын көлік иелеріне салынатын салық мөлшері азаяды. Бұған дейін 500 мыңнан 800 мың теңгеге дейін төлеп келген жүргізушілер енді шамамен 460 мың теңге көлемінде салық төлейді. Сонымен қатар ескірген көліктерге жеңілдік қарастырылған.
Жаңа Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми түрде қолданысқа енгізіледі.
Фото: baq.kz