Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстандық оқушылар робототехника чемпионатында төрт дүркін Әлем чемпионы атанды

Қазақстандық оқушылар робототехника чемпионатында төрт дүркін Әлем чемпионы атанды

Қазақстандық оқушылардың робототехникадан ұлттық құрамасы Панама-Ситиде өткен FIRST Global Challenge атты Бүкіләлемдік Олимпиадада қатарынан төртінші рет жеңіске жетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Әлемнің 190 елінен келген командалардың ішінен біздің оқушылар бірінші орынды иеленіп қана қоймай, бірден екі жоғары марапатты жеңіп алды:

  • ALBERT EINSTEIN AWARD (алтын) - Үздік инженерлік әзірлемелері, техникалық шеберліктері мен командалық жұмыс және көшбасшылық жетістіктері үшін берілетін Жоғарғы төрешілік марапат. Бұл марапатта кешенді артықшылық пен инновация ескеріледі.
  • GRAND CHALLENGE AWARD (алтын) - Роботтардың біліктілік ойындарында рекорд орнатқан абсолютті чемпиондарға берілетін турнирдің Бас жүлдесі.

Бұған дейін команда Женева-2022, Сингапур-2023 және Грекия-2024 жарыстарында да үздік атанып, халықаралық STEM бағытында әлемдік көшбасшы мәртебесін иеленген.


Фото: Оқу-ағарту министрлігі