«KAZZINC» компаниясы “Qazaq” радиосына музыкалық аспаптар сыйлады
«KAZZINC» компаниясы “Qazaq” радиосының студиясына заманауи, жаңа музыкалық аспаптар сыйға тартты. Бұл өз кезегінде радио арна контентін жаңаша қалыптастырып, эфир барысында әншілер жанды дауыста ән айтып, тыңдармандарға ерекше сезім сыйлары анық.
Бүгін осы аспаптарды қабылдау шарасы өтті. Оған радио ардагерлері, серіктестік қызметкерлері, ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Аға буын ардагерлер «KAZZINC» компаниясына ризашылығын білдіріп, “Qazaq” радиосының жұмысына сәттілік тіледі.
Демеушілік жасаған «KAZZINC» ЖШС және осы компанияның Әкімшілік мәселелер бойынша атқарушы директоры Андрей Павлович Лазаревке ерекше алғыс білдіреміз.