Елімізде 14 жаңа стадион салынады
Бұл туралы Спорт және туризм министрлігі мәлім етті. Ведомоства мәліметінше елімізде 1 694 футбол алаңы қажет.
Президент тапсырмасымен облыс орталықтарында демеушілердің қаражаты есебінен жаңа стадиондар салынып, ескілері жаңартылуда. Қызылордада 11 мың көрерменге арналған, УЕФА талаптарына сай стадион пайдалануға берілді, ал Астанада 3 600 орындық нысанның құрылысы жүріп жатыр.
Министрлік айтуынша, 14 жаңа стадион салу қажет, олардың 10-ы бойынша жобалық құжаттар дайындалуда.
Сонымен қатар 7 стадионды қайта жаңарту жоспарланған.
Фото: gov.kz