Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Astana Hub 7 жылда $4,3 млрд көлемінде экожүйе құрды

Astana Hub 7 жылда $4,3 млрд көлемінде экожүйе құрды

Бүгін Astana Hub халықаралық инновациялық кластерінің құрылғанына 7 жыл толды. Осы уақыт аралғында кластер Қазақстан мен Орталық Еуразиядағы IT-индустрияның негізгі орталығына айналып, стартаптар, инвесторлар және технологиялық компаниялар үшін қуатты экожүйе қалыптастырды. 

Іске қосылған сәттен бастап Astana Hub қатысушыларының саны 1875 компанияға жетті, оның ішінде 450-ден астамы шетелдік. Кластер қатысушылары салықтық жеңілдіктерге, еңбек және визалық режимдердің жеңілдетілуіне, инфрақұрылым мен халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктеріне ие. Нәтижесінде 2019 жылдан бастап қатысушылардың жалпы табысы $4,3 млрд-қа жетті, ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша IT-қызметтер экспортының көлемі $1,5 млрд-тан асады. Жеті жыл ішінде Astana Hub стартаптары $840 млн-нан астам инвестиция тартқан.


Фото: Astana hub