Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Қызылжар» клубы жеке меншікке өтті

«Қызылжар» клубы жеке меншікке өтті

 «Қызылжар» футбол клубы алғашқылардың бірі болып жеке қаржыландыруға көшеді. Бұл туралы футбол клубының ресми парақшасында хабарланды.

Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, спорттық брендті, инфрақұрылымды және клубтың активтерін беру туралы келісім қабылданды. Кәсіпкер Сергей Кан футбол клубының инвесторы болды.

— Петропавл қаласында спорттық сабақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат «Қызылжар» футбол командасының ҚФФ, FIFA және UEFA қолдауымен өтетін жарыстарға қатысуына байланысты құқықтар мен міндеттердің берілуін анықтайды. Мемлекет басшысының кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде «Қызылжар» футбол клубының инвесторы болып кәсіпкер Сергей Кан анықталды, — делінген хабарламада.


Фото: sportplustv.kz