Алтын қорының көлемі 98 тоннаға артты
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкімет отырысында жер қойнауын пайдалану және геологиялық барлау саласындағы ахуал туралы баяндады.
Ол қазір ел бойынша 103-тен астам түрлі пайдалы қазба және 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынғанын, сондай-ақ қолданыста 2,9 мыңнан астам лицензия және 250-ге жуық қатты пайдалы қазбалар бойынша келісімшарт бар екенін хабарлады.
«Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде алғаш рет 5 кен орны мемлекеттік есепке алынды. Олар – Көк-Жон, Алтын-Шоко, Самомбет, Студенческий және Тақыр-Қалжыр кен орындары. Қор көлемі 98 тонна алтынға, 36 мың тонна мысқа, 11 миллион тонна марганецке және 1,3 миллион тонна фосфоритке артты», — деп атап өтті Иран Шархан.
Фото: egemen.kz