Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Каспий теңізінің аумағы 36 мың шаршы шақырымға азайған

Каспий теңізінің аумағы 36 мың шаршы шақырымға азайған

2025 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша, Қазақстандағы Каспий теңізінің орташа деңгейі — 29,31 метрге жетіп, 18 жылда ауданы 36 мың шаршы шақырымға азайған. Теңіздің таяздануының экологиялық және экономикалық зардабы қандай? Kazіnform тілшісі сала мамандарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Қазгидромет берген мәліметке сүйенсек, биыл қыркүйекте қазақстандық бақылау стансалары теңіздің солтүстік-шығыс бөлігінде орташа деңгей — 29,15 метр, шығыс бөлігінде — 29,46 метр екенін тіркеген. 

Жалпы Қазақстан бойынша орташа деңгей — 29,31 метр. Өткен жылмен салыстырғанда теңіз деңгейі солтүстік-шығыс бөлігінде — 20 см, шығыс бөлігінде — 17 см-ге төмендеген. 

Мониторинг теңіздің солтүстік-шығыс бөлігінде — Пешной және Құлалы аралы стансалары мен бекеттерінде, ал шығыс бөлігінде Форт-Шевченко, Ақтау және Фетисово стансаларында жасалған. 

— Деңгейдің төмендеуінен теңіз бетінің ауданы қысқарды. Негізінен солтүстік-шығыс бөлігі таязданып барады. Ресейдің Мемлекеттік океанография институтының деректеріне сенсек, 2006 жылдан 2024 жылға дейін теңіз бетінің ауданы 36,6 мың шаршы шақырымға, яғни 392,3 мың шаршы шақырымнан 355,7 мың шаршы шақырымға дейін қысқарған. 2006 жылдан 2024 жылға дейін Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінде деңгей — 2,13 метрге төмендеген (–27,07 м-ден — 29,20 м-ге дейін), — делінген Қазгидромет берген ақпаратта. 

Осыған байланысты Каспий теңізінің таяз солтүстік-шығыс бөлігі қатты тартылып барады. Қазақстан аумағында жағалау сызығының шегінуі кей жерлерде 30-35 шақырымға дейін жеткен.

Ең осал аймақтар — Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігі, Жайық өзенінің атырауы және Маңғыстау облысының жағалауы. 

Фото: Аягөз Ізбасарова / Kazinform