Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Цифрлық деректер енді жеке мүлік ретінде саналады

Цифрлық деректер енді жеке мүлік ретінде саналады

Цифрлық деректер енді жеке мүлік ретінде саналады. Яғни, жеке фотосуреттер, бағдарламалық код, тіпті әлеуметтік желідегі аккаунт та заңмен қорғалатын меншік санатына енгізілмек.

Еліміздегі онлайн кеңістікке құқықтық мәртебе беретін алғашқы заң жобасы Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды. Енді біреу жеке мәліметтерді рұқсатсыз қолданса, сотқа жүгіне алады. Тіпті оларды сатуға, мұраға қалдыруға болады.

Сондай-ақ жеке тұлғаны растау жүйесі күшеймек. Енді азаматтар саусақ ізі, бет бейнесі, дауыс сияқты биометриялық әдістермен өздерін растай алады. Бұл бастама жеке мәліметтердің қолды болмауын қадағалайды.


Фото: ult.kz