Қазақстанда уран қоры 60 жылға жетеді — агенттік
Қазақстандағы уран қоры 60 жылға жетеді. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин мәлім етті.
— Уәкілетті органнның ресми ақпаратына сүйенсек, елімізде 1 млн тоннаға жуық табиғи уран қоры бар… Біздегі уран қоры 60 жылдан астам уақытқа жетеді. Сонымен қатар, елімізде барлау жүргізілмеген жерлер де бар, онда да елеулі қор жинақталған, — деді Ғұмар Серғазин Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, қазір Финляндияда салынып жатқан екі атом электр станциясына уран жеткізу жөнінде келіссөздер жүріп жатыр.
Фото: Қайрат Зайнишев/Kazinform