Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Келер жылы Қосшыда жаңа электр энергиясы станциясы салынады

Келер жылы Қосшыда жаңа электр энергиясы станциясы салынады

2026 жылы Қосшы қаласында жаңа электр энергиясы станциясының құрылысы басталады. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мәлім етті. 

— Биыл 165 шақырымды құрайтын алты электр желісі жобасы іске қосылады. Оның қатарында Қараөткел, Ақмол, Қаражар, Жалтыркөл, Жібек жолы ауылы және Қосшы қаласы бар. Электр желілері тапшылықты жоюға мүмкіндік береді және елорда маңындағы 30 мыңнан астам тұрғынды үздіксіз жарықпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Қосшы қаласында электр энергиясы тапшылығын шешу үшін үш қосалқы станцияның жобалау жұмыстары аяқталуға жақын, оның ішінде «Северная» және «Гарден Виладж» жаңғыртылады және «Жаннат» жаңа электр станциясы, оның құрылысы 2026 жылы басталады, — деді Марат Ахметжанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті туралы есеп бере тұрып.

Облыс әкімінің мәлімдеуінше, қосалқы станциялар 9 шағын ауданды электрмен тұрақты қамтамасыз етеді. 


Фото: janabastau.kz