Қазақстанда алғашқы АЭС атауы таңдалды
Қазақстанда елдегі алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпы халықтық конкурс аяқталды.
Конкурс комиссиясының қорытынды отырысының нәтижесі бойынша азаматтардан ең көп ұсынылған «Балқаш» атом электр станциясы» атауы жеңімпаз деп танылды.
Барлығы конкурсқа 27 157 Қазақстан азаматы қатысты.
Конкурс комиссиясының отырысында ең танымал 100 атау қаралды. «Балқаш» атом электр станциясы» атауын 882 азамат ұсынып, конкурс жеңімпазы атанды.
Фото: gov.kz