Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде электронды кітапхана оқырманы 28,8%-ға артты

Елімізде электронды кітапхана оқырманы 28,8%-ға артты

Биыл Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана Kazneb.kz платформасының даму қарқыны жаңа деңгейге көтерілді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат таратты.


Көрсеткіштер 2025 жылы қалай өзгерді?

  • Контент қаралымы: 5 344 169-дан 7 350 220-ға жеткен, яғни 37,5 %-дай артқан.
  • Пайдаланушылар саны:  449 751 адамнан 579 359 оқырманға көбейіп, көрсеткіш 28,8%-ға жетті.
  • Қашықтан қолданғандар: 902 280 адамнан 1 140 330 адамға көбейіп, 26,38%-ға артқан.
  • Автор рұқсатымен жүктелген құжат саны: 4 241 023-ден 5 620 751-ге жеткен. Пайыздық үлес - 32,53%.

Айта кетейік, Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана қорында 64 тілде 82 939 құжат сақталған. Барлық материалды порталға тіркелмей-ақ көруге болады. Қазіргі кезде бұл платформаны 123 елдің оқырманы пайдаланады.


Фото: baq.kz