Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан туу көрсеткіші ең жоғары елдердің қатарына қосылды

Қазақстан туу көрсеткіші ең жоғары елдердің қатарына қосылды

Елімізде балалар халықтың үштен бірін, яғни 34%-ын құрайды. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға тұрақты өсіп келеді. Мұндай демографиялық серпін мемлекет саясатының балаларды қорғауға бағытталған тұрақты сипатын айқын көрсетеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.  

«БҰҰ және өзге де халықаралық ұйымдар Қазақстанның балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету ісінде қол жеткізген тұрақты нәтижелерін атап өтті. Осы оң үрдістің аясында Қазақстан туу туралы актілерді тіркеу көрсеткіші ең жоғары елдердің қатарынан орын алды. Бұл көрсеткіш қазіргі таңда 100%-ға жуықтап, бала құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарға толық сай келеді», – делінген хабарламада.

ЮНИСЕФ жүргізген 2024 жылғы MICS зерттеуінің нәтижелері бойынша, Қазақстандағы балалардың тамақтану көрсеткіштері Еуропа мен Орталық Азия елдерінің деңгейіне сай келеді.


Фото: ortcom.kz