Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл
Биыл Алаш ардақтысы, ақын, жазушы, ағартушы-педагог Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толды.
Ол 1885 жылы 25 қарашада Қостанай облысының Жанкелдин ауданында дүниеге келген. Екі кластық орыс-қазақ мектебін бітірген Міржақып еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. Кейін газетке ауысып, халықтың мұңын мақалада жазды.
Әдебиеттің бірнеше жанрында қалам тербеген Дулатұлының алғашқы кітабы «Оян, қазақ!» деген атпен жарық көрді. Одан кейін «Азамат», «Терме» жинақтары басылып шықты. Жазушының кеңінен танылған шығармалары – «Бақытсыз Жамал», «Балқия», «Жастарға», «Қирағат кітабы».