Ақтауда $300 млн-ға жаңа теңіз портын салу жоспарлануда
Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады.
Оның айтуынша, инвестициялық жобаның құны $300 млн-ға бағаланып отыр. Қазіргі уақытта инвестор компанияны өңірде тіркеп қойды, енді инвестициялық келісімге қол қою үшін құжаттар дайындап жатыр.
«Жоба "Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа" жаңа халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға ықпал ететін болады. Оны жүзеге асыру жүктерді жеткізу мерзімін 7-15 күнге қысқартуға, көлік шығындарын 18-25% төмендетуге, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді»,
— деп атап өтті Нұрдәулет Қилыбай.
Фото: baq.kz