Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қырғызстанда Абай Құнанбаевқа арналған көше, ескерткіш және музей ашылды

Қырғызстанда Абай Құнанбаевқа арналған көше, ескерткіш және музей ашылды

Қырғызстанның Ош қаласында Абай Құнанбаевқа арналған көше, ескерткіш және музей ашылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат таратты.

Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Аскаралы Мадаминов, Ош қаласының мэрі Женишбек Токторбаев, сондай-ақ дипломатиялық корпус пен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысқан.

«Бүгін ашылып отырған ескерткіш, көше және музей – тек мәдени нысандар ғана емес. Бұл – екі елдің бауырластығын, рухани сабақтастығын және өзара құрметін көрсететін мәңгілік белгі, ұрпақты білім мен парасатқа жетелейтін ортақ құндылық екені сөзсіз», – дейді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.