Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елден 3,1 млн тонна астық экспортталды

Елден 3,1 млн тонна астық экспортталды

Астық экспорты Өзбекстанға — 32,8%-ға, Қырғызстанға — 2 есе, Ауғанстанға — 28,8%-ға артқан. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады. 

«Қазақ темір жолы» АҚ деректері бойынша, 2025 жылғы қыркүйектен 27 қарашаға дейін 3,1 млн тонна астық шығарылған. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылдың осы кезеңінде 2,7 млн тонна дән экспортталған.

Қазақстан астықтың экспорттық тасымалы: Өзбекстанға — 32,8%-ға (1 066 мың тоннадан 1 416 мың тоннаға дейін), Қырғызстанға — 2 есе (44 мың тоннадан 90 мың тоннаға дейін), Ауғанстанға — 28,8%-ға (139 мың тоннадан 179 мың тоннаға дейін) артқан. 

Айта кетелік елде егін жинау науқаны табысты аяқталды. Дәнді дақылдардың өнімі 27 млн тоннадан асып, майлы дақылдардың жиналымы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті.


Фото: Үкімет