Қазақстандық оқушылар Сочиде өткен олимпиадада 6 медаль иеленді
Ресейдің Сочи қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы IJSO-2025 халықаралық жаратылыстану олимпиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Білім додасына әлемнің 21 елінен 120-дан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша өз білімдерін сынға салды.
Қазақстан құрамасы 6 оқушыдан және 3 жетекшіден тұрды. Олар жарыс қорытындысы бойынша 100% нәтиже көрсетіп, алты медаль жеңіп алды.
Фото: Оқу-ағарту министрлігі