Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ұлттық банк жаңа монетаны айналымға шығарады

Ұлттық банк жаңа монетаны айналымға шығарады

Қазақстан Ұлттық банкі «Жаратылыс сырлары» монеталар сериясынан MYSYRLYQ TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. 

Монеталар 2025 жылғы 3 желтоқсаннан бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатылады.

MYSYRLYQ TANYM монетасының дизайны ежелгі Мысыр мен қазіргі заманғы дүниетанымды біріктіреді. Монетаның тантал бөлігінде – Мысыр құдайлары, күміс бөлігінде – технология символдары мен олардың трансформациясы бейнеленген.

Бірнеше құрамнан тұратын MYSYRLYQ TANYM коллекциялық монетасында күрделі технология қолданылған. 925 сынамалы күмістен жасалған монетаның тантал қондырмасы бар. Монетаның жалпы массасы – 162,2 грамм, дайындау сапасы – «proof», номиналы – 2000 теңгелік, дайындау таралымы – 400 (төрт жүз) дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды. 

Фото: Ұлттық банк