Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде шағын және орта бизнес несиесіне субсидия беріле бастады

Елімізде шағын және орта бизнес несиесіне субсидия беріле бастады

Шағын және орта бизнестің қабылданған жобаларына субсидия төлеу үшін Үкімет қаражат бөлді. Ал «Даму» Қоры кәсіпкерлерге қаражат аударуға кірісті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлім етті.

— Қазір мемлекет қажет қаражатты толық бөлді. Осы жылдың соңына дейін біз мойнымыздағы міндеттемелерімізді толық орындап бітеміз. Қордаланған берешектер қазірдің өзінде өтеліп жатыр, ал ШОБ бұған дейін төлеген пайыздар бойынша субсидия ала бастайды. Банктерге барлық төлемдер толық аударылады. Осылайша, берешекке байланысты ШОБ мәселелері толық шешіледі. Жыл соңына дейін біз барлық міндеттемелерді орындаймыз, — деді Қордың Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов.

Бұл ретте 2025 жыл ішінде кідірістер барлық өңірде бірдей болмағанын атап өту маңызды. Атап айтқанда, Алматыда Жергілікті атқарушы органның қолдауының арқасында уақтылы төленіп келді.


Фото: elordainfo.kz