Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Отандық және шетелдік дизайнерлер Ақтөбеде ұлттық сән фестивалінде өз топтамаларын көрсетті

Отандық және шетелдік дизайнерлер Ақтөбеде ұлттық сән фестивалінде өз топтамаларын көрсетті

«Сыбаға – 2025» ұлттық дәстүрлер фестивалі  Өнер орталығының алдында өткен «Алтыбақан» мәдени ойын-сауық бағдарламасымен басталды. Ұлттық ойындар мен дәстүрлі әуендер тоғысқан, ұлттық нақышқа толы сахналық көріністер фестивальдің басталуына сән беріп, келген жұртшылықты өнер мерекесінің рухына бөледі.

Этнофестивальдің ашылу салтанатында облыс әкімі Асхат Шахаров құттықтау сөз сөйлеп, «Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалінің аймақта екінші жыл қатарынан өткізіліп отырғанын атап өтті. Фестивальдің бірінші күні – «Тағылым»; екінші күні – «Дәстүрлер жаңғырығы»; Үшінші күні – «Салбурын» атауымен белгіленген. Тағы бір маңызды шара – 4-6 желтоқсан күндері ауыл-аймақтарда соғымның дәстүрлі сыбағасы таратылып, үлкен-кішіге құрмет көрсетілді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында  «Өткенімен ғана өмір сүретін жұрт өркениетті ел бола алмайды. Ұлт сапасын жақсартамыз десек, бір ел болып жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыруымыз қажет» деген еді.  Салт-дәстүр – адамзат үшін ілгерілеудің сарқылмас қайнар көзі. Ғылыми-техникалық прогресс қанша дамығанымен, қолда бар жетістіктердің іргетасын қалаған құндылықтардан бас тартуға болмайтынын өскелең ұрпаққа жеткізу басты міндет», - деді өңір басшысы.

Айтып өту керек, Ақтөбеде өткен халықаралық инвестициялық форум аясында 20 мемлекеттен келген делегация және 7 елші шараға қатысты. Әкім қонақтарға ризашылығын білдіріп, ұлттық мәдениетті дамытуға атсалысып жүрген шеберлер мен өнерсүйер қауымға алғысын жеткізді.

Ұлттық болмысымызды дәріптеп, ата-бабадан мирас болған рухани қазынаны заманауи үлгіде насихаттауға бағытталған этнофестивальде «Дәстүрлер жаңғырығы» атты үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Бағдарлама барысында көрермендерге халық әндері, жыр-дастандар, күйлер, ұлттық аспаптық композициялар, сондай-ақ отандық дизайнерлердің этностильдегі топтамалары ұсынылды. «Тәрбия», Мейрамгүл Таубатырова, Қырғыз Республикасынан Гүлмира Акматова, Сәбина Күнкей, маңғыстаулық Жаннар Меңдіқұлова, Инабат Ескендір сынды дизайнерлердің топтамалары ұлттық киім мәдениетінің әсем өрнегін паш етті.

«Сыбаға – 2025» фестивалінің «Дәстүрлер жаңғырығы» концерті ұлттық өнердің кең тынысын көрсетіп, дәстүр мен жаңашылдықты үйлестірген толыққанды мәдени іс-шара ретінде жоғары бағаланды.