Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әлеуметтік сақтандыру қорынан 216 млрд теңге тиімсіз жұмсалған

Әлеуметтік сақтандыру қорынан 216 млрд теңге тиімсіз жұмсалған

Соңғы 5 жылда орташа зейнетақы 45%-ға, мемлекеттік жәрдемақылар 58%-ға өскен. Ал әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер 2,5 есе артқан. Дегенмен мемлекеттік тексерістің нәтижесінде жүйеде бірқатар мәселе бар екені белгілі болды.

Кейбір азаматтар жүктілік бойынша төлем алу үшін кірісін көбейтіп, жалған жұмыс орындарын көрсеткен. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтитындардың зейнетақы жарналары тұрақсыз. Бұл болашақта төлемнің аз болуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар қайтыс болған немесе елден ұзақ кеткен адамдар туралы ақпарат толық емес.

Жалпы аудиторлар саладағы 46 кемшілікті әшкереледі. Негізгі мақсат – зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің тиімділігін арттыру, деректер алмасуды жетілдіру және активтерді дұрыс басқару.


Фото: egemen.kz