Бүгін – Тәуелсіздік күні
Бүгін Қазақстанның қасиетті әрі қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Осыдан 34 жыл бұрын 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңды қабылдаған еді.
Тәуелсіздіктің 34 жылдығында Қазақстан елеулі жетістіктерге жетті және күрделі сын-қатерлерден өтті.
Төл валютасын қолданысқа енгізді. Айбынды әскерін құрды. Шекараларын бекітіп, жаңа астанасын салды. Мемлекеттік рәміздерін бекітті. Орнықты мемлекеттік институттары бар және экономикасы бәсекеге қабілетті демократиялық мемлекет ретінде қалыптасты.
Әлемдік сауда-экономикалық жүйеге толық еніп, өзін сенімді серіктес ретінде көрсете білді. Бүгінде әлем бойынша 120-дан астам ел Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Биылғы мерейтойлық жылда да елімізде ауқымды реформалар басталды, экономика мен әлеуметтік сала жаңғырып келеді.
Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш Америка Құрама Штаттары мойындады. Одан кейін Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде таныды.
Ал Түркия бірінші болып Қазақстанда өз елшілігін ашты.
Фото: egemen.kz