Жыл басынан бері теңге бағамы 2,4%-ға нығайды
Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменовтің сөзінше, 11 айда теңге бағамы бір доллар үшін 512,57 теңгеге дейін, яғни 2,4%-ға нығайған.
«Бағамның қазіргі динамикасы негізінен жүргізіліп жатқан дезинфляциялық саясат шеңберіндегі орташа қатаң ақша-несие шарттарына байланысты. Бұл теңгелік активтердің тартымдылығын шетелдік инвесторлар арасында да арттыра түсті. Осылайша, резидент емес тұлғалардың ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарға салған портфельдік инвестицияларының көлемі жыл басынан қараша айына дейін шамамен 750 млрд теңгеге, ал қараша айында 340 млрд теңгеге ұлғайды», - деді Тимур Сүлейменов.
2025 жылдың басынан қараша айына дейін Ұлттық қордан бюджеттік трансферттер шеңберінде $7,8 млрд сатылды, бұл ретте соның орнын толтыру мақсатында алтын сатып алу жөніндегі операциялар көлемі $6,1 млрд-ты құрады.
Фото: kazgazeta.kz