Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қонаев қаласында төтенше жағдай жарияланды

Қонаев қаласында төтенше жағдай жарияланды

Қонаев әкімдігінің мәліметінше, 11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған түні қатты жел тұруына байланысты кейбір тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырларына нұқсан келіп, жарық бағаналары істен шыққан. Соған байланысты қала басшылығы жергілікті ауқымда төтенше жағдай жариялауға шешім шығарды.

Төтенше жағдайды енгізу Ашық НҚА порталына қоғамдық талқылауға 15 желтоқсан күні жіберілді. Ол 16 желтоқсанға дейін талқылауда болды. 17 желтоқсаннан бастап жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай ресми түрде жарияланды.

- Төтенше жағдай резервінен бөлінген қаражат есебінен зақымданған нысандарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. 11 желтоқсаннан бастап қаладағы коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда Қонаев қаласындағы жағдай тұрақты: электр энергиясы, ауыз су және жылумен қамту жүйелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр, - деп хабарлады әкімдіктен.


Фото: Қонаев әкімдігі