Алтын бағасы тарихи рекорд жаңартты
Биржада алтынның бағасы тарихта алғаш рет бір унциясы үшін 4 400 доллардан асты. Жыл басынан бері бағалы металл құны 65%-дан астам өсті. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, биыл оның бағасы 1979 жылдан бергі ең жоғары өсімді көрсетіп отыр.
Алтын бағасы қатарынан бірнеше рет тарихи рекорд жаңартқан болатын. Мысалы, ол 4000 долларлық межені қазан айының басында еңсерді. Ал жыл басталғанда бағалы металл бағасы 3000 доллардан төмен еді.
Фото: inbusiness.kz